KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, З
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да Абайдың ерекше ескерткіші пайда болады

4.05.2020, 04:33 221

Семейдегі Абай музейінің алдында ұлы ақынның ерекше ескерткіші қойылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлім етті.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған дайындық белсенді жүргізілуде. Облыс әкімі Семейге іс-сапармен барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысып қайтты.

- Қаладағы Абай алаңында ауқымды қайта құру жұмысы басталды. Ұлы ақынның құрметіне аталған театр да жаңарып, жаңа келбетке ие болады. Сыртқы безендіру, фойе және көрермендер залының жобаларын таңдадық. Абай музейінде де күрделі жөндеу жүргізіледі. Мұражай алдына жанында ұлдары тұрған ақынның жаңа ескерткіші қойылатынын ерекше атап өткім келеді. Мұндай ескерткіш еш жерде жоқ. Біз алғаш рет Абайды ең жақын адамдарының ортасында көрсетеміз. Бұл жерде ол өз отбасын сүйетін адам, ал оның балалары құдды қазақ елін бейнелеп тұрғандай, - дейді облыс әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив