KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Даниал Ахметов шьғысқазақстандықтарды мерекелерімен құттықтады

1.05.2020, 04:15 179

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов  тұрғындарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Өңір басшысы бұл туралы өзінің әлеуметтік желілердегі жеке парақшасына жазды.

"Құрметті шьғысқазақстандықтар! Сіздерді шын жүректен Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

Елімізде тұрып жатқан түрлі этнос өкілдерінің өзара түсіністігі мен бірлігі бүгінде қазақстандық феномен деген атауға ие бірегей модельге айналды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Аcсамблеясына биыл 25 жыл толады. Елімізде алғаш рет енгізілген төтенше жағдай кезеңінде Достық үйлері жанынан құрылған еріктілер мен белсенділер дер кезінде көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созды.
Береке-бірлік – Қазақстан халқының баға жетпес байлығы. Осынау асыл құндылығымызды сақтау – әрбір азамат пен патриот жандардың басты борышы.

Сіздерге денсаулық, табыс және амандық тілеймін. Біз бәріміз бірге кез келген қиындықтарды еңсереміз. Мереке құтты болсын!" делінген мерекелік құттықтауда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив