KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 9 м/с, С
446.49 475.38 4.79

«Біз біргеміз!»: Семейлік полицейлер мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті

28.04.2020, 08:34 203

Семей қаласындағы полиция қызметкерлері мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, карантин кезінде кәсіпорындардың көбі жұмысын тоқтатқандықтан кейбір отбасылар қиын жағдайға тап болған.

Осы ретте тәртіп сақшылары оларға көмектесуді өздерінің азаматтық борышы деп санады.

«Жуықта тергеушілер бірлесіп әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін осындай отбасыларға тараттық. Осылайша, біз коронавируспен күресте бәріміздің бір екенімізді көрсеткіміз келді. Мұқтаж жандарға қолұшын созуға мүмкіндік болса, аянып қалмау керек. Бір-бірімізге қамқорлық танытқанымыз жөн», - дейді Семей қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Сұңғат Әділбеков.

Осы ретте полицейлер қазіргі қиын кезде әр адамның негізгі міндеті – өзін оқшаулау арқылы жақындарының, туған-туысқандарының денсаулығын сақтау екендігін атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив