Өскемен
-24°
туман ветер 1 м/с, СЗ
472.17 495.5 7.57

Мемлекеттік шекарадағы 12 автомобиль өткізу бекеті ашылады

12.07.2022, 10:32 3 0 Мадина Амангелдіқызы

Ресей Федерациясымен және Өзбекстан Республикасымен мемлекеттік шекара арқылы 12 автомобиль өткізу пунктінің жұмысына тыйым салу алынып тасталады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мұндай шешімді Қазақстанның аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдап отыр.

2022 жылғы 12 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес төмендегі автомобиль өткізу пункттерінің жұмысы қайта басталады:

- Ресей Федерациясымен шекара арқылы (Қондыбай, Ақбалшық, Қызылжар, Найза, Жезкент, Байтанат, Қоянбай, Орда, Шаған, Қарашатау);

- Өзбекстан Республикасымен (Целинный және Сырдария) шекара арқылы.

Бұл ретте, ел тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуына жол бермеу мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға уақтылы коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациядан және ревакцинациядан өтуді ұсынады.


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив