KZ
Өскемен
+9°
ясно жел 4 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Тарбағатайда көпбалалы отбасыларға 100 баспана салынып жатыр – ШҚО

27.04.2020, 06:08 118

Тарбағатай ауданында көпбалалы отбасыларға арналып баспана салынады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі

Шығыстағы Тарбағатай ауданының Ақсуат және Ақжар ауылдарында облыс әкімі Даниал Ахметовтың қолдауымен, мемлекеттік жеке меншік серіктестік аясында әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үйлердің құрылысы басталды. МЖӘ шарты бойынша келісім жасасқан кәсіпкерлердің бірі – Қайрат Қожахметов. Ол келісімшарт бойына Ақжар ауылында 10 үй салады. Ал облыс әкімдігі кәсіпкерлер салған баспаналарды бюджет қаражаты есебінен сатып алмақ.

– Әрбір тұрғын үйдің жалпы ауданы 100 шаршы метр болады. Қабырғалары газ блоктан тұрғызылмақ. Үйлерге су, электр және кәріз тартылады. Бұл баспаналар тұрғын үй алуға кезекте тұрған көп балалы отбасыларға беріледі. Ақсуатта 50, Ақжарда 50 үй салынады деп жоспарлануда, – деп мәлімдеді Тарбағатай ауданының әкімі Серікқазы Сәдуақасов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив