KZ
Өскемен
+7°
небольшая облачность жел 5 м/с, С
444.32 473.33 4.76

ШҚО әкімі Абай облысының басшысымен кездесті

12.07.2022, 10:25 74

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскеменде Абай өңірінің әкімі Нұрлан Ұранхаевпен кездесті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Өңір басшылары облысты бөлудегі өтпелі процесті үйлестіруге жауап беретін топ құру мәселесін талқылады.

– Біздің бастамамыз бойынша барлық басқармалар жүйелі түрде үйлестіріледі. Барлық әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның барабар жұмыс істеу мәселелері түйінді болып қала береді. Екі облыстық топтың басшылары бірнеше күн ішінде барлық объектілердің жұмыс істеуі көзделетін бірлескен жоспар әзірлеуге тиіс. Біз аудандарға көмір жеткізуді, Семейдегі Өскемен көшесін жөндеуді, сондай-ақ Степное кентіндегі мектептің құрылысын аяқтауды өз мойнымызға аламыз, – деді Даниал Ахметов.

ШҚО әкімі күн сайын барлық басқарма басшыларының есептерін тыңдайтынын айтты. Кездесуден кейін Даниал Ахметов Абай облысының әкімімен бірге «Халифа Алтай» мешітіндегі ислам мәдениеті мұражайына және Өскеменнің жаңа теннис орталығына барды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив