Өскемен
-19°
туман ветер 2 м/с, СЗ
459.92 501.31 6.62

Құтқарушылар Шешек асуындағы өртпен алты сағат бойы арпалысты

24.04.2020, 04:40 13 0

Құтқарушылар Шешек асуындағы өртпен алты сағат бойы арпалысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Құрғақ шөпке тиген жалын желдің кесірінен күшейе берген көрінеді. Өртті сөндіруге 89 құтқарушы мен 13 техника жұмылдырылды. Тілсіз жау шамамен 280 гектардай аумақты шарпыды.

– Өрттің өршіп, басқа аумақтарды тиюіне жол бермеу керек болды. Осыған бар күшті жұмсадық. Қазір құтқарушылар учаскені бақылауда ұстап отыр. Ал мемлекеттік инспектор өрттің шыққан жерін анықтауда, – деп мәлімдеді ТЖБ баспасөз қызметі.  

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив