KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 6 м/с, З
444.32 473.33 4.76

Семей орманындағы өртке Өскеменнен Ұлттық ұлан сарбаздары аттанды

24.04.2020, 04:03 189

Ұлттық ұлан құтқарушылары ормандағы тілсіз жаумен арпалысуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі "Шығыс" ӨңҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін таңғы сағат 8:00 де Ұлттық ұланның "Шығыс өңірлік қолбасшылығына қарасты 68303 әскери бөлімінің механикаландырылған құтқару отряды Бесқарағай ауданына жол тартты.Ұлттық ұланның 70 астам құтқарушылары мен 8 арнайы техникасы ТЖД құрамында Байдәуле орман шаруашылығы ауданындағы өртті сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарына жұмылдырылған", деп жазады баспасөз қызметі.

Естеңізге сала кетейік, Семей орманы резерватындағы өрт қазірдің өзінде 2000 га аумаққа жайылып үлгерген. Қатты түтінге байланысты өрт тиген жерлердің орманды не ормансыз жерлер екенін әзірге айқындау мүмкін емес.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив