KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

ШҚО-да карантин кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық жиілей бастады

23.04.2020, 10:08 154

ШҚО-да тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері жиі тіркеле бастады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Карантин басталғаннан кейін Алтай ауданында екі қылмыстық іс қозғалған. Екі жағдайда да жәбіберленушілер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа бұрын да ұшыраған. Мұндай қылмыстық іс бойынша айыпталушылар 3 жылдан 8 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Ауданда тұрмыстық саладағы әкімшілік құқықбұзушылық бойынша карантин басталғаннан бері 25 іс қозғалған. Осы ретте полиция қызметкерлері мұндай фактілерге куә болған адамдардан дер кезінде хабар беруді сұрайды: 102 немесе 6-11-16, 6-01-33 номерлері бойынша.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив