KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Көкпектіде азық-түлік бағасы қатаң бақылауға алынды

23.04.2020, 09:59 98

Ел президенті Қасым Жомарт Тоқаев пандемияның салдарынан әлеуметтік маңызы бар жоғары тауарлар мен азық-түлік түрлерінің бағасы негізсіз өспеуін және тапшылығы болмауын жергілікті атқарушы орган жетекшілеріне ұдайы назарда ұстау қажет екендігін тапсырған болатын.

Президенттің осы тапсырмасын орындау мақсатында Көкпекті аудан әкімі Асхат Смаиловтың тікелей бақылауымен Көкпекті, Самар ауылындағы сауда нысандарында азық-түлік бағалары арнайы құрылған жедел штаб қызметкерлерінің көмегімен тексерілді.

Нәтижесінде аудан орталығында жеті дүкен иесіне азық-түлік бағасын орташа бағадан күрт өсіргенге және сақтық шараларын қолданбағаны үшін айыппұл салынып, Самар ауылында тоғыз дүкен жұмысын тоқтатты.

Алдағы уақытта да дүкендердегі азық-түлік бағасы назарда болып, мониторингктің бақылау жүргізілетіні айтылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив