KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 6 м/с, С
443.85 474.3 4.8

ШҚО-да Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шаралар уақытша тоқтатылды

22.04.2020, 09:29 140

ШҚО-да Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шаралар уақытша ғана тоқтатылған. Бұл туралы Ардагерлер Кеңесінің төрағасы мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

-Облыс әкімі осыдан бес ай бұрын Жеңістің 75 жылдығына дайындықты бастауды тапсырған болатын. Бірақ іс-шараларды уақытша тоқтатуға тура келді, Карантин аяқталған соң, барлық іс-шаралар қайта жалғасады, - дейді Айтқазы Шерубаев.

Ардагерлер кеңесі төрағасының айтуынша, ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне облыстық бюджеттен 900 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Оларлың 80 пайызы төлемдерді алып қойды. Қалғандарына 9 мамырға дейін төленеді екен.

Айта кетсек, Жеңістің 75 жылдығына орай Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге 600 000 теңге; марапатталған тыл еңбеккерлеріне – 100 000 теңге, марапатталмағандарға – 42 500 теңге көлемінде төлемақы беру туралы шешім қабылданған еді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив