Өскемен
-18°
туман ветер 2 м/с, С
468.98 493.74 7.59

2 мыңға жуық өскемендік әлеуметтік жәрдемақыны проактивті тәсілмен рәсімдеді

11.07.2022, 15:34 2 0 Мадина Амангелдіқызы

түсуде. Өскеменде 1618 ана бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақыны проактивті форматта рәсімдеген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

"Азаматтарға арналған үкімет" ШҚО бойынша филиалы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, көп балалы отбасыларға арналған жәрдемақыны 200-ден астам әйел рәсімдеген екен. Ал қаланың 20-ға жуық тұрғыны "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар ретінде жәрдемақы рәсімдепті.


         - «Жақсарту, ыңғайлы және онлайн ету – бұл цифрландырудың басты қағидасы. Мемлекеттік корпорация мемлекет азаматтарға қамқорлық жасауға тырысады, осылайша біздің клиенттер мемлекеттік қызметтерді алу үшін ең аз уақыт пен ресурстарды жұмсайды – бұл проактивті принцип. Тек клиенттің SMS арқылы келісімі қажет. Барлық қажетті ақпарат мемлекеттік мекемелердің ақпараттық жүйелерінен алынады. Ең бастысы, адам мобильді азаматтар базасында тіркелуі керек», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО бойынша филиалы директорының орынбасары Жанат Өмірғалиева.                       

 Проактивті форматта рәсімдеуге болатын жәрдемақылар:

- бала туу және бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы;

- "Алтын алқа", "Күміс алқа"алқаларымен марапатталған аналарға жәрдемақы;

- Мүгедектігі бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;

- асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақы;

- пособие многодетным семьям;

- государственное пособие по уходу за ребенком-инвалидом;

- бала кезінен мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы;

- еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем;

- социальная выплата по случаю потери работы;

- жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем.

 Айта кетсек, мемлекеттік қызметтерді алудың проактивті форматы алғаш рет Ақпараттық жүйелерді интеграциялаудың арқасында 2017 жылдың соңында пайда болды. Электрондық үкімет порталы барлық деректерді мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алып, ал жетіспейтіндерін SMS - хабарлама арқылы клиенттен сұратады.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив