KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

ШҚО-да дала өрті жиілей бастады

18.04.2020, 08:12 146

Соңғы бірнеше тәулік ішінде ШҚО аумағында 27 дала өрті тіркелген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, дала өрттері Үржар, Бесқрағай, Күршім, Жарма, Катонқарағай, Глубокое, Көкпекті, Ұлан аудандарында тіркеліп отыр. Өрттің жалпы аумағы 98 гектардан асады. Жалынның тұтануына қоқыстарды өртеу мен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себеп болған.

Ең үлкен өрт Бесқарағай ауданында – мұнда 49 гектар аумақта қураған шөп өртеніпті. Өртті сөндіруге ауданның үш өрт сөндіру бөлімі мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылған екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив