Өскемен
-18°
туман ветер 2 м/с, СЗ
468.98 493.74 7.59

Қазақстанда құрылыс секторына IT-шешімдер енгізілуде

11.07.2022, 14:52 7 0 Мадина Амангелдіқызы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі еліміздегі құрылыс секторына IT-шешімдер енгізуде, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ақпараттық модельдердің мемлекеттік банкі құрылыс нысанындағы үрдістерді басқару үшін бірыңғай цифрлық алаңға айналады. Атап айтқанда, аталған жүйе ақпараттық модельдеу технологияларын қолдана отырып, құрылыс объектілерін онлайн-форматта модельдеуге мүмкіндік береді.

Осылайша, мемлекеттік банк платформасында тапсырыс берушілер құрылыс жобасының басқа қатысушыларымен өзара байланыс орната отырып, құрылысқа дайындық үшін қажет сатылардан онлайн режимде өте алады.

Айта кетерлігі, ақпараттық модельдер банкін «Е-Құрылыс» және «Е-Шаңырақ» платформаларымен интеграциялау жоспарланып отыр. Естеріңізге сала кетейік, «Е-Құрылыс» жүйесі құрылыс процестерін барлық кезеңдерде онлайн-режимде бақылауға мүмкіндік береді. Ал, «Е-Шаңырақ» платформасы тұрғын үй қорын басқарудың ашықтығын қамтамасыз етіп, құрылыс саласында мониторинг пен талдау жасайтын субъектілердің бірыңғай жүйесі болып табылады.

Көзделіп отырған жаңа IT-шешім құрылыс жұмыстарын жобалау барысында электрондық құжат айналымына көшуге мүмкіндік береді. Сәйкесінше, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу процесінде барынша ашықтықты қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда мемлекеттік банк сараптамалық қызмет үшін интеграциялық сервистер мен жүйенің жаңа модульдерін әзірлеудің белсенді кезеңінде. Жобаға қатысушылар салалық бизнес-процестерді, сонымен бірге техникалық талаптарды дайындау үшін деректердің құрылымын талдау жұмыстарына жұмылдырылған.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив