Өскемен
-15°
туман ветер 1 м/с, С
459.92 501.31 6.62

ШҚО жедел әрекет ету штабы шешім қабылдады. Талаптар күшейтіледі

17.04.2020, 09:01 60 0

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайға жедел әрекет ету штабының 2020 жылғы 16 сәуірдегі

№1/192

                              ХАТТАМАЛЫҚ ШЕШІМІ

  Шығыс Қазақстан облысының аумағында карантин енгізу туралы

        

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы  15 наурыздағы №285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 30 наурыздағы №8 хаттамасының 1-тармағын басшылыққа алып, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, ШҚО бас санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушының 2020 жылғы16 сәуірдегі №3 «Шығыс Қазақстан облысының аумағында карантин енгізу туралы» қаулысы негізінде, Шығыс Қазақстан облысы аумағында  коронавирус инфекциясының (COVID-19) одан әрі таралуының алдын алу мақсатында:

облыстық Төтенше жағдайға жедел әрекет ету штабы шешім қабылдады:

 

1. Қазақстан Республикасында төтенше жағдай мерзімі аяқталғана дейін Шығыс Қазақстан облысы аумағында 2020 жылғы 18 сәуірде сағат 00:00-ден карантин енгізілсін. Карантин енгізуге байланысты шектеулер COVID-19  коронавирус инфекциясы таралуы бойынша жағдайдың дамуына сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

2. Облыс аумағынан Алматы, Қарағанды, Павлодар облыстарымен, Ресей Федерациясымен, Қытай Халық Республикасымен шекарада кіруін және кетуін бақылау мақсатында, сондай-ақ қалалар мен аудандардың әкімшілік шекараларының периметрі бойынша санитарлық, ветеринарлық, эпидемиологиялық қадағалау жүргізу үшін блокпостар орнатылсын.

Блокпосттарды ұйымдастыру үшін жауапкершілік ШҚО полиция департаментіне жүктелсін.

3. Өскемен, Семей, Алтай, Аягөз, Зайсан қалаларында, Үржар ауданы орталығында әкімшілік шекаралар шегінде шектеу аумағын бөлу шаршылары белгіленсін. Қоғамдық тәртіп күзеті көрсетілген шаршылар аумағында жүзеге асырылсын. Әрбір шаршы бойынша жауапты тұлға белгіленсін.

4. Карантин аумағына қатысты тұрғындар санын оқшаулау бойынша шаралар қабылдансын.

5. Халыққа, органдар мен ұйымдардың қызметкерлеріне, сауда және қызмет көрсету субъектілеріне арналған маскалық режимнің сақталуы қамтамасыз етілсін. Маскалық режимді сақтау үшін жеке тұлғалар, қызметкерлердің кәсіби қызметін жүзеге асыру кезеңінде меншіктің барлық түріндегі мекемелердің, кәсіпорындардың басшылары жауапты болады. Бақылауды ШҚО полиция департаменті жүзеге асырады.

6. Қызметтері уақытша тоқтатылсын:

1) жұмысы штаттық режимде жалғастырылуы тиіс азық-түлік бөлімдерін, дәріханаларды және банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерін қоспағанда ірі сауда объектілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, отбасылық демалыс орталықтары, әмбебап және азық-түлік емес базарлар, оның ішінде осы объектілердің ғимаратында орналасқан, автожуулар, техникалық қызмет көрсету станцияларының;

2) онлайн тапсырыстарды ұйымдастыруды және жеткізуді қоспағанда қоғамдық тамақтану объектілері (мейрамханалар, кофеханалар, дәмханалар, банкет залдары, асханалар, донерлік, барлар);

3) түнгі клубтар, барлар, кальян орындары;

4) білім беру орталықтары, үйірмелер, артклубтар, балалардың бос уақытын өткізу орындары, барлық меншік нысанындағы балабақшалар және т. б.;

5) ойын-сауық объектілері (интернет-клубтар, букмекерлік, бильярд, караоке, PS-клубтар, квесттер, антикафе, боулинг-орталықтар және т. б.);

6) меншік нысанындағы спорт объектілері (фитнес, йога, бассейндер, тирлер, атыс орындары және т. б.);

7) қызмет көрсету саласындағы объектілер (шаштараздар, сұлулық салондары, СПА, массаж орталықтары, қоғамдық моншалар, сауналар т. б.);

8) кинотеатрлар мен театрлар;

9) онлайн тапсырыс беру және жеткізу мүмкіндігі бар автосалондар, автобазарлар;

10) онлайн тапсырыстарды ұйымдастыруды және жеткізуді қоспағанда, құрылыс компанияларына қызмет көрсететін көтерме қоймалардан басқа, құрылыс материалдарын бөлшек саудада өткізудің сауда нүктелері;

11) түсті және қара металдардың сынықтарын қабылдау пункттері;

12) компьютерлік, тұрмыстық техниканы, жабдықтарды және ұялы байланысты сату және жөндеу жөніндегі салондар;

13) кір жуу, химиялық тазарту қызметтерін ұйымдастыру;

14) ломбардтар;

15) гүл өнімдерін сататын сауда нүктелері.

7. Өткізуге уақытша тыйым салынсын:

1) бұқаралық, салтанатты, еске алу іс-шаралары;

2) көрмелер, форумдар, конференциялар және т. б.

8. Шектеу іс-шаралары кезеңінде қызметі тоқтатылмаған шағын және орта бизнес объектілерінің меншік иелеріне санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейтуді қамтамасыз ету міндеттелсін.

9. Санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, штат режимінде қонақ үй кешендерінің, отельдердің, хостелдердің, дәріханалардың, медициналық орталықтардың, стоматологиялардың жұмысы жалғастырылсын.

10. Алдын ала жазылу бойынша нотариустардың қызметіне рұқсат етілсін.

11. Автомобиль көлігінің жұмысына шектеу қойылсын:

1) күндізгі уақытта қызметтік көлік пен қоғамдық көлік, арнайы рұқсаттамасы бар жеке көліктерден басқа автомобильдердің қозғалысы шектелсін және түнгі уақытта сағат 21.00-ден 05.00-ге дейін тоқтатылсын;

2) жеке тұлғалардың жеке көлігінің қозғалысы шектелсін. Азаматтардың жеке автокөлікпен жүріп-тұруы мемлекеттік нөмірлік белгіге «нөмірдің соңғы санының жұп, тақ сандарының» қағидаты бойынша байланыстыра отырып ұйымдастырылсын. Жұп күндер бойынша нөмірлері жұп санға аяқталатын автомобильдердің, тақ күндер бойынша нөмірдің соңында тақ санмен аяқталатын автомобильдердің жол жүруіне рұқсат етілсін;

3) қызметтік және қоғамдық көлікті, сондай-ақ арнайы рұқсаты бар жеке көлікті қоспағанда сенбі және жексенбі күндері, мереке күндері жеке көліктің жүруіне тыйым салынсын;

4) осы тармақтың 3) тармақшасында белгіленген Өскемен, Семей қалаларында автокөліктің шектелуін бақылауды 49 негізгі магистральдық-тораптық қиылыстарда жүзеге асырсын (Өскемен қаласы - 25, Семей қаласы -24).

12. Облыстың қалалары мен аудандарының аумағы бойынша қоғамдық көлік қозғалысы қысқартылсын.

1) босатылған қоғамдық көлікті өндірістің үздіксіз циклі бар кәсіпорын персоналын бекітілген кестелер мен бағыттар бойынша жұмыс орнына жеткізу үшін әрбір көлік құралы бойынша жауапты тұлғаларды бекіте отырып пайдалансын;

2) әрекет ететін қоғамдық көліктің әрбір бағыты бойынша кәсіпорындарға, ұйымдарға қызметкерлерді тасымалдау үшін арнайы рұқсаттама алынсын;

3) кестеден, маршруттан ауытқуға жол берілмесін.

13. Қызметі қалалардың, аудандардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге байланысты кәсіпорындардың, ұйымдардың қызметтік автокөліктерінің тізімі бекітілсін. Арнайы рұқсаттамалар тек бекітілген тізімдерге сәйкес қатаң түрде жарамды.

14. Тыныс-тіршілікті қамтамасыз етудің бірінші кезектегі қажетті тауарларды (дәріханалар, дүкендер, банктер) жеткізуші кәсіпорындардың тізбесі мен саны орналасқан жері мен жұмыс режимін көрсетумен анықталсын.

15. Тауар өндірушілер, дистрибьюторлар, көтерме жеткізушілер ұсынылған өтінімдер негізінде азық-түлік өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті тауарларды сауда объектілеріне үздіксіз және уақтылы жеткізуді қамтамасыз етуге міндеттелсін.

16. Аудандар мен қалалар халқының тәуліктік қажеттілігі азық-түлікпен, дәрі-дәрмектермен, тіршілікті қамтамасыз ету заттарымен және бірінші кезектегі қажетті тауарлармен қамтамасыз етілсін.

17. Қалалар мен аудан орталықтарының аумағы бойынша халықтың жаяу жүріп-тұруына тек I типті (осы хаттамаға 1-қосымша), II типті (осы хаттамаға 2-қосымша) рұқсаттамасы болған жағдайда рұқсат етілсін.

Рұқсаттама жеке куәлігі болған жағдайда ғана жарамды.

Ескерту: II үлгідегі арнайы рұқсаттама қала аумағында тұрғындар қозғалысы үшін арналған. Бір пәтерге/үйге 1 арнайы рұқсаттама беріледі. Арнайы рұқсаттамасы қолында бар тұлға сауда объектілерінен, дәріханаларға баруға және сауда жасауға, банктер қызметтерін қолдануға мүмкіндігі бар. Рұқсаттаманы бір апта ішінде аптасына 3 реттен артық емес қолдануға болады. Мұнымен қоса қала тұрғындарының 50 пайызы жасыл түсті рұқсаттама алады, ол айдың жұп санды күндерінде сауда жасау үшін үйден шығуға құқық береді. Тұрғындардың қалған бөлігі ақ түсті рұқсаттама алады, ол айдың жұп санды күндерінде сауда жасау үшін үйден шығуға құқық береді.

Рұқсаттаманы пайдалану жиілігін тексеру, сонымен қатар оны жабу Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментіне жүктеледі. COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының жағдайы өзгерген жағдайда рұқсаттамалар бойынша қозғалыс режимі өзгертілуі мүмкін.

Аудандар,  қалалар аумағында карантин әрекет етуде кезеңінде құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне (осы хаттамаға 3 қосымша) қызметтік өкілеттіктерін атқару барысында қызметтік куәлігін көрсеткенде кедергісіз жүрулеріне рұқсат берілсін.

18. Аудан орталықтары мен Курчатов қаласының тұрғындарына сағат 05.00-ден 09.00-ге дейін, 18.00-ден 21.00-ге дейін, Риддер қаласында сағат 05.00-ден 09.00-ге дейін, 17.00-ден 20.00-ге дейін (жұмысқа, жұмыстан) рұқсаттамасыз жүруге рұқсат етілсін. Халықтың жүріп-тұруына сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін (дүкендер, дәріханалар, банктер, пошталар) әлеуметтік төлем (42 500 теңге) және өзге де әлеуметтік жәрдемақы алушыларды қоспағанда II үлгідегі рұқсаттамалар болған жағдайда ғана 2020 жылғы 20 сәуірде сағат 00.00-ден рұқсат етілсін.

19. Аудандарда және қалаларда тұратын 70 жастан асқан және одан жоғары жастағы зейнеткерлерге, 1, 2 топтағы мүгедектерге «Стандарт 1», «Стандарт 2», «Стандарт 3», «Стандарт 4» 4 жиынтық бойынша азық-түліктерді, бірінші кезектегі қажетті тауарлар мен дәрі-дәрмектерді тегін жеткізу жұмыстары қамтамасыз етілсін  (осы хаттамаға 4 қосымша).

20. Халықтың осал топтарына және 70 жастан асқан зейнеткерлерге бірінші қажеттіліктегі өнімдер мен тауарларды жеткізу үшін еріктілер мен әлеуметтік қызметкерлер бекітілсін.

21. Жұмыс берушілер жұмыс орындарын сақтауды қамтамасыз ете және ақы төленетін демалыс бере отырып, қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырсын.

22. Халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін аса маңызды мемлекеттік объектілерді, стратегиялық, ерекше режимді, режимдік және ерекше қорғалатын объектілерді күзету күшейтілсін.

23. Қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмысқа қарсы іс-қимыл және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс күшейтілсін.

24. Полиция органдары қызметкерлері әскери күштер қызметкерлерімен бірге 8 сағаттан 3 кезектік қызметті атқарады.

25. Полиция органдары қызметкерлері және Қарулы Күштер қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілсін.

26. Құқық қорғау органдарымен бірге пайдакүнемдік және зорлық-зомбылық сипаттағы қылмыстардың алдын алу мақсатында есепте тұрған контингентпен жедел-алдын алу жұмысы жүргізілсін.

27. Халықпен жұмыс істеу үшін учаскелік полиция және қоғамдық бригадалардың (еріктілердің) бірлескен топтары құрылсын. Еріктілер қорғау костюмдерімен қамтамасыз етілсін.

28. Ішкі саясат басқармасымен бірлесіп бұқаралық ақпарат құралдарында облыс тұрғындары арасында коронавирус инфекциясы таралу қауіп-қатерін азайту және жұқтыру ошақтарын оқшаулауды қамтамасыз ету және шектеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы идеологиялық сүйемелдеу жүргізілсін.

Адам мен азаматтың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шешімдердің маңыздылығы ашылсын.

29. Өскемен және Семей қалаларында коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмысын ұйымдастыру бойынша жұмысы бақылауға алынсын.

30. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қызметкерлерді 70%-ға дейін қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыруды қамтамасыз етсін, қызметкерлерге жеке автокөлікпен жүріп-тұру үшін бұрын берілген арнайы рұқсаттамалардың 50%-ы қайтарылсын.

 

Шығыс Қазақстан облысының әкімі – Төтенше жағдайға жедел ден қою шұғыл штабының басшысы                                      Д. Ахметов

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив