KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 8 м/с, С
448.56 478.03 4.79

Өскемендегі театрдың артына 12 және 16 қабатты үйлер салынып жатыр

15.04.2020, 04:11 136

ШҚО әкімі Даниал Ахметов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына, өңірдегі  баспана мәселесін шешу үшін алдағы 2 жылда тұрғын үй құрылысының көлемін 2 есеге арттыратынын жазды деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

"Өскеменнің жаңа "Нұрлы Жол" шағын ауданындағы тұрғын үй құрылысының барысымен таныстым. Жұмыс қарқыны жақсы.

⠀Біз мұнда жалпы ауданы 400 мың шаршы метр болатын 48 көп қабатты үй салуды жоспарлап отырмыз. Бұл деген жаңа 4665 пәтер.

Қазіргі уақытта 994 пәтерлі төрт 12 қабатты және бес 16 қабатты үйлер салынуда.

Жақын арада мердігерлер 9 қабатты он үш үйдің құрылысына кіріседі.

Жалпы, ШҚО-да баспана мәселесін шешу үшін алдағы 2 жылда тұрғын үй құрылыс көлемі 2 есеге арттырамыз. Жобалық-сметалық құжаттама 730 мың м2 дайын. Тек осы жылы өңір бойынша 480 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда",- дейді әкім.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив