KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность жел 3 м/с, З
444.32 473.33 4.76

ШҚО әкімі жылыту маусымына дайындық мәселесі бойынша кезекті рет кеңес өткізді

11.07.2022, 11:58 105

Облыс әкімі Даниал Ахметов қала және аудан әкімдерімен жылыту маусымына дайындық мәселесі бойынша кезекті кеңес өткізді.

– Бүгінгі күні инженерлік инфрақұрылым объектілеріндегі жөндеу жұмыстары мен көмір жеткізу бекітілген жоспарларға сәйкес жүргізіліп жатқаны қуантады. Өңір үшін қатты отынға деген жалпы қажеттілік шамамен үш миллион тоннаны құрайды, жылу көздері үшін 320 мың тонна (оның ішінде Риддер ЖЭО үшін де), халық үшін - 216 мың тонна сатып алынды. Қала мен аудандардың әкімдері барлық жөндеу жұмыстарын бақылауда ұстайтынын атап өткім келеді. Шағын қазандықтардың дайындығы 60 пайызды, жылумен жабдықтау желілері - 50 пайыздан астам, сумен жабдықтау және су бұру желілері - 85%, денсаулық сақтау объектілері 80 пайызға, білім беру объектілері - 100 пайызға, әлеуметтік қорғау объектілері-92 пайызға дайын, – деді өңір басшысы.

Әкімнің айтуынша, көпқабатты үйлерді жылыту мауысына дайындау толық бақылауда. Жетекшілік ететін орынбасарлары осы мәселелер бойынша әр бейсенбі сайын есеп береді.

– Бүгінгі күні қажетті отынның 50% - дан астамы Глубокое, Зайсан, Шемонаиха аудандарында және Риддер қаласына әкелінді. Қалған аудандар бұл жұмысты жандандыруы қажет. Сондай-ақ, әкімдер тұрғындардың отынмен қазірден бастап қамдана беруі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек. Өйткені суық ауа-райы басталғанда кезекте тұру қолайсыздық әкеледі, – деді ШҚО әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив