KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 4 м/с, З
447.4 477.55 4.76

Өскеменде тағы да балконда өрт шықты

14.04.2020, 05:53 67

Өскеменде кеше түнде көпқабатты үйлердің бірінің балконында өрт шығып, тұрғындарды эвакуациялауға тура келді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Оқыс оқиға түнгі сағат бір шамасында Мызы көшесінде болған. Төртінші қабаттағы үйдің балконында өрт шығып, ағаш жақтаулар жана бастаған. Жалын 3 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген екен. Құтқарушылардың жеделдігінің арқасында өрт пәтерге тимеді. Өрт сөндірушілер 10 адамды эвакуциялады, оның ішінде 4 бала бар.

Өрттің шығу себебі отты абайсыз пайдаланғандықтан болуы мүмкін. Әзірше осы нұсқа қарастырылып жатыр.

Құтқарушылардың айтуныша, көптеген адамдар балконды темекі шегетін орын ретінде санайды. Шылымның тұқылын шала өшіріп қалдырып немесе төменге тастай салатын көрінеді. Осының салдарынан тілсіз жау адам өміріне қауіп төндіреді. Мәселен облыс орталығында жыл басынан бері, яғни үш-төрт айдың ішінде 6 мәрте балконда өрт шыққан.

Осындай жағдайлардың алдын алу үшін қалалық ТЖ басқармасының қызметкерлері балконға жанғыш материалдарды қоймауды ескертеді. Пәтерден шыққан кезде терезелерді жауып жүруге, балконнан сіріңке немесе темекі тұқылдарын тастамауға кеңес береді.

Сондай-ақ өрттің шығуына байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартылатныңызды да естен шығармаңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив