KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 8 м/с, С
445.66 474.58 4.78

Өскемен мен Семейде полицейлер жаяу жүргіншілердің ыстығын өлшейді

13.04.2020, 10:38 78

 

Өскемен мен Семейдің полицейлері бұдан былай жаяу жүргіншілердің ыстығын да өлшейді.

Полиция басқармаларының ақпаратынша, Өскеменнің тәртіп сақшыларына – 450, семейліктерге 468 термометр берілді. Бұл аспап адам маңдайына жанаспай, алыстан-ақ оның ыстығын өлшеп береді. Қажет болған жағдайда тәртіп сақшылары жедел жәрдем шақырады.

«Бұған дейін қала тұрғындарына түсіндірдік. Карантин ережесін барлығы ұқты деп ойлаймыз. Бүгіннен бастап бақылау күшейеді. Полиция қызметкерлері рұқсаттама тексеру барысында жүргіншілердің ыстығын да өлшейді», – деп жазды Өскемен әкімі Жақсылық Омар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив