KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 7 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Коронавирус: 1979 жылы туған әйел адам. Шетелге бармаған

13.04.2020, 07:25 166

Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясынан бір азамат көз жұмды. Бұл туралы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұқаметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Басқарма басшысының мәліметінше, өлім жағдайы Өскемен қаласында тіркелкен. 1979 жылы туған әйел адам. 12 сәуірде жедел жәрдем қызметімен ауыр жағдайда екі жақты пневмониямен провизорлық стационарға жеткізілген. Шетелге шықпаған.

- CОVID-19 талдаулары оң нәтиже көрсеткеннен кейін инфекциялық стационардың қарқынды терапия палатасына ауыстырылды. Пациентте СОVID-19-дан басқа екі жақты ошақты пневмония, сол жақты плеврит, 3 дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі, токсинді миокардит, жіті респираторлық дисстресс-синдромы және ауыр алкогольдік улануы тіркелген.
Науқастың өмірін сақтау үшін реаниматолог дәрігерлер өкпені жасанды желдету аппаратына қосып, барлық реанимациялық іс-шараларды жүргізді. Түнде екі мәрте жүрек қызметі тоқтап, екі рет реанимациялық шара сәтті нәтиже көрсеткен болатын. Алайда, жүрек қызметі қайтадан үшінші рет тоқтаған кезде, реанимация шаралары сәтсіз болды. Науқас өкінішке орай көз жұмды. Науқастың жақындары мен туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз,-деді Ілияс Мұхамеджанов.


⠀Онымен байланыста болған тағы 13 адам тіркелген. Олардың барлығы оқшауланды. Қазіргі таңда эпидемиологиялық тексеру шаралары күшейтілген.

ШҚО-да барлығы 7 адам коронавирус жұқтырған. Оның төртеуі Семейде, үшеуі Өскеменде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив