Дүйсенбіден бастап сабақтар «Qazaqstan» арнасынан көрсетіледі

13 сәуірден бастап еліміздегі орта білім беру ұйымдарына арналған бейнесабақтар «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан көрсетіле бастайды.
⠀
Телесабақтар дүйсенбі-жұма күндері таңғы сағат 08:00-ден бастап 11:00 аралығында 1-6 сыныптың оқу пәндері бойынша қазақ тілінде өткізіледі.
⠀
«Qazaqstan» телеарнасын www.qazaqstan.tv ресми сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасынан онлайн көруге болады. «Android», «iOS» платформаларына лайықталған мобильді қосымшаны «App Store», «Play Market» сервистері арқылы тегін жүктеу мүмкіндігі қарастырылған.
⠀
Бейнесабақтар сонымен қатар «Qazaqstan» телеарнасының You Tube желісіндегі ресми арнасымен Facebook-парақшасында тікелей трансляцияланады.
91
0
0
Сонымен қатар оқыңыз
Қазақстанда мектеп оқушылары телеарналар арқылы сабақ оқитын болды«Білім» тарифінен Kundelik.kz-ке мегабайт жұмсалмайды"151 мың оқырманы бар". Желіде парақшасын белсенді жүргізетін министр кім?«Қазақфильм» студиясы түсірген «Жеңіс семсері» кинотеатрларда көрсетіле бастайдыМедицина қызметкерлері күні «Абзал жандар» атты телемарафон өтеді