KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
446.49 475.38 4.79

Күршімдік оқушылар республикалық байқауда жеңімпаз атанды

10.04.2020, 11:59 118

Балалар мен жасөспірімдер арасында өткен республикалық «Аналар – Асыл жандар» атты шығармашылық байқауға қатысқан күршімдік оқушылар жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 Байқаудың бір ерекшелігі – онлайн өтуінде. Шығармашылық сайысты «Алтын ғасыр» орталығы ұйымдастырғанын  естеріңізге сала  кетейік.

 Сонымен, «Вокал» жанры бойынша бас жүлдені Жалғас Қанатұлы (8 жас), Төрежан Қазбеков (10 жас) және Әмір Мұхамбетов (7 жас) қанжығаларына байлады.

 Дәл осы жанр бойынша бірінші орын тұғырынан Айша Кенжехан (8 жас), Айсұлтан Зейнелғазинов (10 жас), Диас Қазез (8 жас) көрінді.

 Сонымен қатар, «Жас толқындар» тобының жетекшісі  Бақытбек Масалиев Құрмет қағазымен мараптталды. Жас буынды өнерге баулып жүрген ұстаздың шәкірттері  «Арулар -  асыл жандар» атты тағы бір онлайн байқауда жүлделі орындарға қол жеткізгенін де айта кетейік.

 -   Біз онлайн байқауларға әлі де қатысамыз. Алда «Өнерге ғашық баламыз» атты сайыста бақ сынап көрмекпіз,-дейді Бақытбек Масалиев.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив