KZ
Өскемен
+10°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
439.43 473.31 4.82

Көкпектіде мұқтаж жандарға барынша көмек көрсетіліп жатыр

10.04.2020, 10:45 81

Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты Көкпекті ауданында «БізБіргеміз» акциясы қолдау тапты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы ауданның ішкі саясат бөлімі мәлімдеді.

Ауылдық округ әкімдері аудан кәсіпкерлермен бірлесіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созуда. Аудан кәсіпкерлері ауылдық округ әкімдерімен бірлесе отырып, көмекке мұқтаж жандарға ет, азық-түлік тауарлары және медициналық бетперделер таратты. Жалпы аудан көлемінде «БізБіргеміз» акциясы аясында 4 млн.697 мың тг соомасына 572 көмекке мұқтаж жанға көмек көрсетілді. Осындай дүрбелең кезеңде аудан аудан тұрғындарына қол кұшын созуда ерекше қайырымдылық жасаумен көзге түскен Бекбердинов Болат Миғражұлы, Күшікпаев Жұмабек Құрмашұлы, Ибраимов Сайдығали Кәрібайұлы, Койгельдин Ержан Тұрсынханұлы, Тлебалдин Қанат, Нұғыспанов Мұса, Шакерханов Мерхат сынды жомарт азаматтарды атап өтуге болады.


Сонымен бірге, ауданда тұрғындарды бетпердемен қамтамасыз ету жұмыстары дұрыс жолға қойылған.Бүгінгі күні Көкпекті ауданында күніне 1200 бетперде тігіліп, тұрғындарға таратылуда. Бүгінгі күні Көкпекті ауданының 21542 тұрғыны (78%), оның ішінде 3146 тұрғыны тегін бетперделермен қамтамасыз етілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив