KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

ШҚО су тасқынына дайын

7.04.2020, 05:43 170

ШҚО-да қар еріп, өзендерде мұз босай бастады. Құтқарушылар су тасқынына дайындық жұмыстарын бастап кетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Қазгидромет» РМК ақпаратына сәйкес, 3 сәуірде Өскемен, Риддер қалалары мен Үржар, Шемонаиха, Абай, Тарабағатай, Зайсан, Бесқарағай аудандарында жер қыртысы толық еріп болған екен.

Күршім ауданында (Марқакөл қорығы) қардың қалыңдығы 95 сантимерді құрайды, Алтай ауданында – 88 сантиметр, Глубокое ауданынла – 54 сантиметр. Облыстың басқа аудандарында қардың қалыңдығы 25 сантиметрден аспайды.

Қазір өзендерде мұз еріп жатыр, су қазындылары пайда бола бастады.  

Су тасқыны жағдайына дайын болу үшін 655 тонна жанар-жағармай, 4955 мың тонна инертті материалдар, 11 465 дана ыдыс қаптар әзірленген. Сондай-ақ, 340 мотопомпа дайын тұр.

Су басу қауіпі бар елді мекендерде су тарту және еріген қар суының бағытын бұру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Бүгінгі таңда облыстың автомобиль және темір жолдарындағы су өткізу ғимараттары 100% тазартылған. Семей қаласында, Алтай, Шемонаиха, Катонқарағай, Бесқарағай, Бородулиха аудандарындағы Үбе, Бұқтырма және Ертіс өзендерінде су тасқынының алдын алу үшін 126 775 м2 аумағында жарылыс жұмыстары өтті.

10 шақты елді мекеннің қауіпсіздігі үшін Ертіс өзенінің су деңгейін реттеу мақсатында қосымша резервтік көлем құрылды. Ол өзеннің арнасынан асуына бөгет болады.

Сонымен қатар, жергіліктік атқарушы органдар мен Төтенше жағдай қызметкелерінен қүрылған жұмыс комиссиялары облыстағы гидротехникалық құрылғыларды текскеріп шықты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив