KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Республика бойынша барлық жолаушылар пойызы тоқтайды - ҚТЖ

2.04.2020, 10:42 180

"Жолаушылар тасымалы" АҚ мәлімдеме жасады: "ел ішіндегі жолаушылар пойызы тоқтайды". Барлық пойыз өз бекеттеріне қайтып оралады. Ақырғысы 4 сәуір күні өз бекетіне келіп жетеді.

"Жолаушылардан карантин режимін ұстану мен билет кассаларында теміржол билеттерін қайтару кезінде дүрбелең тудырмауды және барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды өтіне сұраймыз. Тоқтатылған пойыздарға билеттерді бұрыңырақ алып қойған жолаушылар оларды кері қайтарып ала алады. Жолаушы билетінің ақшасын толық қайтарамыз", - делінген кәсіпорынның ресми парақшасында. 

Билеттерді онлайн түрде қайтаруға болады.

"Не болмаса, алдағы алты ай ішінде кез келген ыңғайлы уақытта жеке кассалардан және «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан жүзеге асыруға мүмкін болатындығын қаперге саламыз", - деп жазылған кәсіпорынның ресми парақшасында. 

Бұл шара елдегі қалыптасқан ахуалға байланысты істелді. Карантин ашылғаннан кейін "Жолаушылар тасымалы" баяғы жұмыс кестесіне кіріседі.

Дәл қазір төмендегі бағыттарда пойыз жүрісі нақты тоқтатылды:

- № 77/78 «Маңғыстау-Шу» 31 наурыздан;
- № 21/22 «Қызылорда-Семей» 1 сәуірден;
- № 37/38 «Маңғыстау-Атбасар» 2 сәуірден бастап;
- №339/340 «Павлодар-Пресногорьковская» 3 сәуірден;
- № 43/44 «Қостанай-Отар» 1 сәуірден;
- № 56/55 «Қызылорда-Көкшетау» 2 сәуірден;
- № 76/75 «Қызылорда-Петропавловск» 1 сәуірден;
- № 107/108 «Жезқазган-Қараганды» 1 сәуірден;
- № 117/118 «Қызылорда-Жезқазған» 2 сәуірден;
- № 122/121 «Қарағанды-Семей» 2 сәуірден;
- № 309/310 «Маңғыстау-Қандыағаш» 1 сәуірден;
- № 327/328 «Қостанай-Қарағанды» 1 сәуірден;
- № 612/611 «Қарағанды-Жаңарқа-Қаражал» 31 наурыздан;
- № 621/622 «Қостанай-Арқалық» 1 сәуірден;
- № 641/642 «Өскемен-Зыряновск» 1 сәуірден;
- № 6983/6984 «Өскемен-Риддер» 1 сәуірден

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив