KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
448.15 483.46 4.86

ТВ-ға тегін жарнама. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы шағын бизнеске қолдау көрсетеді

2.04.2020, 05:30 122

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы шағын бизнеске қолдау көрсету мақсатында 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін Корпорацияның аймақтық телеарналарында тегін жарнама орналастыру жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы телерадиокорпорациясының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Шағын бизнес өкілдері 14 аймақтық арна эфиріне ұзақтығы 30 секундқа дейінгі жарнамалық роликтер бере алады.

Өтінімдер филиалдардың жарнама бөлімдері арқылы қабылданады.

Бұдан басқа, Корпорация барлық интернет-ресурстарында (qazaqstan.tv, balapan.tv, tamashakz.tv сайты мен әлеуметтік желідегі парақшаларында) ақысыз негізде баннер мен pre-roll-жарнама орналастыру мүмкіндігін ұсынады.

Интернет-ресурстардағы жарнама бойынша толық ақпарат: +7 702 195 1717, kairbaeva.m@kaztrk.kz.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив