KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
447.4 477.55 4.76

Коронавирусқа қатысты жалған ақпарат таратқандар 7 жылға сотталады

31.03.2020, 07:14 125

Кімде-кім коронавирус індетіне қатысты жалған ақпарат таратса, 7 жылға бас бостандығынан айырылады. ШҚО полиция департаменті аймақ тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Құқық қорғау органдары осы уақытқа дейін қандай бір арандатушылықтың алдын алуға байланысты түрлі іс-шаралар жүргізіп келді. Осыған қарамастан жалған ақпарат таратып, елді дүрліктіріп жүргендер бар. Мәселен «ауыл тұрғындары коронавирус жұқтырды» деп жалған ақпарат таратқан Аягөз ауданының тұрғыны қамауға алынды. Ол іске қатысты тергеу жүріп жатыр.
Полиция ескертеді: Қылмыстық кодекстің 274 бабы бойынша жалған ақпарат таратқандар 7 жылға бас бостандығынан айырылады.
Айта кетейік, коронавирус індетіне қатысты жедел әрі нақты ақпаратты coronavirus2020.kz сайтынан білуге болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив