KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Нұр-Сұлтан әуежайы барлық жолаушылар ұшағын қабылдауды тоқтатады

31.03.2020, 04:44 90

1 сәуірден бастап елорда әуежайына жолаушыларды тасымалдайтын барлық ұшақтың қонуына рұқсат берілмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне сілтемемен.

«1 сәуір күнгі сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан әуежайы барлық халықаралық тұрақты және эвакуациялық жолаушылар ұшағын қабылдауды тоқтатады» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ведомство мәліметіне сай, Алматыда да 1 сәуірден бастап рейстерді қабылдау тоқтатылады. Ал халықаралық жолаушылар әуе рейстері Қазақстанның басқа әуежайларына қарай бағытталатын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив