KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
447.4 477.55 4.76

Өскеменде ауаны ластаған кәсіпорын жазаланатын болды

29.03.2020, 06:11 164

Шығыс Қазақстан облысының экология департаменті аймақ орталығындағы кәсіпорындардың біріне санитарлық тексеру жүргізіп, экологиялық тәртіпті бұзғанын анықтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Облыс орталығының тұрғындары 27 наурыз күні кешке «ВостокАгроХолдинг» ЖШС аумағындағы мұржалардың бірінен қою қара түтін шектен тыс будақтап жатқанын айтып, шағым түсірген.
Экологтар кәсіпорын аумағында тексеру жүргізіп, азот диоксидінің рұқсат етілген концентрациядан 1,7 есе және күкірт диоксидінің 3,2 есе асып кеткенін анықтады.
– Тәртіп бұзушыларға қатысты тиісті шаралар қабылданады. Нақты қандай шара екенін кейінірек мәлімдейміз, – деді ШҚО экология департаментінің мамандары.
Еске салайық, экологоияға байланысты қандай да бір тәртіп бұзушылыққа куә болсаңыз, 76-76-82 телефонына қоңырау шалып немесе 8-705-752-65-66 нөміріне WhatsApp арқылы хабарлай аласыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив