KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Өскеменде көпқабатты үйден өрт шықты

29.03.2020, 03:17 89

Өскеменде көпқабатты үйден өрт шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оқыс оқиға Күленов кентінде болған. Энтузиастов көшесіндегі үйдің бесінші қабаттындағы пәтерлердің бірінің балконында өрт шыққан. Балконның пластикалық бөлшектері мен тұрғындардың жеке заттары жана бастаған. Жалын үш шаршы метр аумақты шарпып үлгергенде, құтқарушылар келіп, өртті сөндірген екен.
– Өрт шыққан кезде үйде ешкім болмаған. Өрт сөндірушілер автосаты арқылы бесінші қабатқа көтеріліп, өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрт ненің салдарынан шыққаны анықталып жатыр, – деп мәлімдеді қаланың төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив