KZ
Өскемен
+15°
небольшая облачность жел 2 м/с, Ю
448.89 477.93 4.76

Тағы бір емі жоқ ауру. Қытайда хантавирустан бір адам қайтыс болды

25.03.2020, 04:17 125

Қытайда хантавирустан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Global Times-тың деректеріне сәйкес, Юньнань провинциясының тұрғыны чартерлік автобуспен көрші провинцияға бара жатқан. Жолаушылардың бірі кенеттен қайтыс болғаннан кейін дәрігерлер тез арада диагноз қойған. Одан белгілі хантавирустан шығатын кардиопульмональді синдром анықталған. Автобуста болған барлық 32 адам карантинге жатқызылды. Әзірге олардың арасында вирус жұқтырғандар туралы мәлімет жоқ.

Хантавирустық кардиопульмональды синдром - ауыр респираторлық ауру саналады. Вирус кеміргіштерден таралады, олардың зәрінде қалып, ауамен беріледі.

АҚШ-тың жұқпалы ауруларды бақылау орталығының мәліметтері бойынша, бұл вирусты жұқтыру қаупі тіпті дені сау адам үшін де өте жоғары.

Хантавирус симптомдары көптеген респираторлық аурудың белгілеріне ұқсас. Бас ауруы, әлсіздік, жөтел, ас қорытуда қиындық, құсу байқалады. Хантавирусты емдейтін вакцина әлі жоқ.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив