ШҚО-дағы кәсіпорын басшылары халықты бірлікке шақырды

Құрметті жерлестер!
Біз, кәсіпорын басшылары, еліміз үшін осындай қиын сәтте, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жасаған үндеуіне толық қолдау біреміз!
Осыған дейін қаншама қиындықты бастан өткерген халқымыз бұл жолы да күрделі кезеңді, бірлігі мен ынтымақтастығының арқасында еңсереді деген сенімдеміз!
Қазіргі уақытта мемлекет тарапынан әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтауға, халықтың қаупісіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды шаралар қабылдануда.
Олай болса, барлық шығысқазақстандықтарды Елбасы бастамаларына қолдау көрсетіп, көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын созуға шақырамыз!
Бірлік болмай – тірлік болмайды! #Бізбіргеміз!
Абитаев Фарид Құмашұлы - «Астана-Бизнес» ЖШС басшысы,
Сағындықов Серік Орынғазыұлы – «Рулиха» ЖШС директоры