KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 8 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Өскеменде халықаралық балалардын церебральды сал ауруы күніне орай ашық есік күні өтті

7.10.2022, 18:21 176

Amanzholov University-де Халықаралық балалар сал ауруы күніне орайластырылған ашық есік күні өтті. «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығы базасында «DEMEU» қайта оңалту және түзету орталығымен бірлесіп, оқытушылар мен «Психология және коррекциялы педагогика» кафедрасының магистранттары Монтессори әдісі арқылы түзеу және қайта оңалту, сенсорлы интеграция, ритмика сабақтарын өткізді. Бірқатар балаларға биологиялық кері байланыс (БОС) аппараты көмегімен диагностикалау, Томатис әдісімен аудиотерапия жасалды.
Шараның білім беру бөлімінен кейін «DEMEU» қайта оңалту және түзету орталығында ем алушы 14 балаға, сондай-ақ Ақ Ниет мектеп-интернатының, №15 орта мектебі, №19 қосымша білім беру мектеп-орталығы оқушылары үшін көңілді ойыншықтар, би мен ойындардың ғажайып әлемі ұйымдастырылды. Бұл тамаша саяхатта оларға волонтер-студенттер, аниматорлар мен орталық тәрбиешілері серік болды.

ЖОО басшылығы инклюзивті ортада жұмыс істейтін педагогтарға ерекше көңіл бөлді. Олар үшін «Тірек-қимыл аппаратында ақауы бар балаларға білім беру ортасын ұйымдастыру» арнайы ғылыми-практикалық семинары ұйымдастырылды. Спикерлар қатарында ғалымдар мен іс-тәжірибеден өтуші мамандар бар. Атап айтқанда – «DEMEU» қайта оңалту және түзету орталығының басшысы Ауренова Мадина, С.Аманжолов атындағы ШҚУ «Психология және коррекциялы педагогика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Кукина Юлия, ШҚО ББ «Ақ Ниет мектеп-интернаты» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жалаушинова Лира, гидрореабилитолог, ЕДШ жаттығуларының нұсқаушысы Толғанай Серікқызы, С.Аманжолов атындағы Жоғары колледжінің оқытушысы Сакенова Индира.
ШҚО Білім басқармасы Өскемен қалалық білім бөлімінің №2, №15, №16, №19, №26, №42 мектеп ұстаздары семинарда белсенділік танытты. Барлық қатысушылар инклюзивті білім беру саласында ары қарай да ынтымақтастыққа дайын екендіктерін жеткізді.
Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда церебралды сал ауруымен ауыратын 19 мың бала бар. Сондықтан, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті салаға қажет болашақ педагогтарды дайындау жұмысын жүргізуде. Церебралды сал ауруына шалдыққан балалары бар отбасыларға көмек көрсетуде университет қалыс қалмайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив