KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
448.15 483.46 4.86

Бесқарағайда жаңа балалар алаңы ашылды

8.07.2022, 09:29 200

Бесқарағай ауданына қарасты Долон ауылында ел астанасының 25 жылдығына орай балалар алаңының ашылуы өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Салтанатты ашылу барысында Долон ауылдық округінің әкімі Кендеғали Ипанов, , ауылдың құрметті тұрғындары, жергілікті қоғамдастықтың өкілі мен жеке кәсіпкерлер сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарын құттықтады.

fd382532-3c87-4abe-8a14-4e887e53367a.jpg
Алдымен балалар алаңының лентасы кесіліп, жиылған жұртшылыққа дәстүр бойынша шашу шашылды. Артынша, кішкентай қонақтарға арналған көңілді ойындар мен конкурстар өткізіліп, Долон орта мектебінің оқушылары «Менің Қазақстаным» патриоттық әнін орындап, би биледі.
Ауылдық округ әкімі аппараты ұжымының және ауылдық қоғамның күшімен балаларға тәтті дастархан жайылып, жастар үшін ауыл қоғамы би кешін ұйымдастырды.
- Бұл балалар алаңының салынғанын көптен бері күткен болатынбыз, балаларымыз үшін ерекше қуаныштымыз.  Өскелең ұрпаққа жағдай жасағаны үшін Долон ауылдық округі әкімінің аппаратына алғас айтамыз.  Өйткені жас өспірімдердің физикалық денсаулығы мен рухани байлығы – Долон ауылдық округінің және жалпы Бесқарағай ауданының әл – ауқаты мен өркендеуінің негізі, қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамудың кепілі. Балалар алаңының ашылуы Отанымыздың астанасының туған күнімен тұспа-тұс келгені кездейсоқ емес! Еліміздің бас қаласы мен біздің ауыл бірге гүлдене берсін! - дейді тұрғындар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив