KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 2 м/с, СШ
449.58 486.94 4.86

Қазақстандықтар қағазбастылықтан арылатын болды

5.03.2020, 10:50 132

Елімізде қағаз түріндегі құжаттардан бас тартпақ. Осыған қатысты мемлекет басшысы тапсырма беріп отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Президент Ақордада "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы бойынша жиын өткізді.

Ол мемлекеттік басқару саласында цифрлық технологияларды қолданудың табысқа әкелетінін алға тартып отыр.

- Барлық құжаттар электронды форматқа көшірілсін. Қазіргі таңда қағаз құжаттарды ұсыну дұрыс емес. Құжаттардың қағаз нұсқаларына біртіндеп тыйым салынуға тиіс, - деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев заңнамалық актілерге өзгерту енгізу керектігін назар аудартып, Үкімет пен Парламентке бұл идеяны жүзеге асыру бойынша қажетті шараларды қабылдауға тапсырма берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив