KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 3 м/с, ОБ
439.4 473.54 4.76

9 наурызда қандай мемлекеттік қызметкерлер жұмыс істейді?

5.03.2020, 09:48 89

Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли президенттің мерекеден кейін келетін демалыс күндері мемлекеттік қызметшілердің жұмысқа шығуы туралы твитіне түсіндірме берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Мемлекеттік қызметшілердің демалыс және мейрам күндеріндегі жұмысы жөнінде Президент Қ.Тоқаевтың кешегі жазған жарияланымына байланысты менің атыма көптеген өтініш келіп түсіп жатыр. Бірнеше күнге созылатын мереке мен одан кейін келетін демалыстар кезіндегі орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекетсіздігі Мемлекет басшысының осы жазбасына себеп болды, - дейді Берік Уәли.

Көршілес мемлекеттердегі коронавирус індетінің таралу қаупімен, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлармен (қардың қалың болуы, су тасқыны) және басқа да қатерлерге байланысты барлық мемлекеттік құрылымдардан шұғыл әрі жүйелі жұмыс істеу талап етілуде.

Сондықтан Президент мемлекеттік қызметшілердің мерекелерден кейін келетін күні (дүйсенбі) жұмысқа шығуын орынды санайды. Бұл жерде Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, министрліктердің, Мемлекет басшысына тікелей бағынышты ведомстволардың, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктерінің қызметкерлері туралы сөз болып отыр.

Осы ретте, Қазақстанның заңнамалары толық сақталуы тиіс.

«Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 32-бабына сәйкес, демалыс және мереке күндері кезек күттірмейтін, алдына ала жоспарланбаған жұмыстарды орындау үшін мемлекеттік қызметшілерді жұмысқа шақыруға болады. 

Еңбек кодексі бойынша, мемлекеттік қызметшілер өздерінің жазбаша келісімімен ғана жұмысқа шыға алады және олардың еңбегіне ақы төленуі тиіс.

Еңбек кодексінің 85-бабына сәйкес, демалыс, мереке күндері жұмысқа шыққан қызметкерге өз қалауы бойынша бір күндік демалыс беріледі немесе бір күндік еңбекақысы кемінде 1,5 есе көлемінде төленеді.

Жалпы заңнама өзгермейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив