KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 7 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Наурызда ауа райы қандай болады?

1.03.2020, 15:38 300

"Қазгидромет" РМК наурыз айына арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Алғашқы онкүндік басталғанда ауа температурасы солтүстікте түнгі уақытта минус 5...10 градус болса, шығыста минус 15...20 градусқа дейін төмендейді. Күндіз сынап бағаны -5...+5 аралығын көрсетеді. Оңтүстікте күндіз +10...20 градусқа дейін жылынады.

Айдың басында және ортасында атмосфералық бағыттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады деп болжануда. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарда желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейе түседі. Солтүстікте боран соғуы ықтимал.

Сондай-ақ наурызда тұман жиі түсуі мүмкін. Солтүстікте көктайғақ болады. Жауын-шашынмен қатар уақытша ауа температурасы да төмендеп отырады.

Алғашқы онкүндіктің соңғы кезеңінде Қар теңізінен келген суық антициклонның әсерінен солтүстік, шығыс және орталық Қазақстанда сынап бағаны түнгі уақытта минус 10...15, кей жерлерде минус 20...25 градусқа, күндіз минус 5...13 граудсқа дейін төмендейді. Оңтүстікте минус 2...12 градусқа төмендесе, күндіз 0...8 градус жылы болмақ.

Батыста бірінші онкүндіктің басы мен ортасында  жауын-шашын болып, ауа температурасы түнде 0...8 дейін төмендесе, күндіз 0...5 градус жылуды көрсетеді. Кей жерлерде сынап бағаны +13 градусқа дейін күн жылынуы мүмкін.

Жалпы ай көлемінде циклондар мен антициклондардың ауысуынан жауын-шашын жиілеп, ауа температурасы тұрақсыз болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив