KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Семейде үш миллион теңге жымқырған бас есепші сотталды

28.02.2020, 09:18 173

Семейде мектептің бас есепшісі үш миллион теңгеден астам ақша жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Дерекөздің мәлімдеуінше, Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Семейдегі № 27 орта мектептің бас бухгалтері Абдувалиеваға қатысты қылмыстық істі аяқтады. Ол 3,2 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырып, өзінің карточкалық шотына аударып отырған.

«2020 жылдың 20 ақпанында Семей қалалық № 2 сотының үкімімен Абдувалиева мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банк пен оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып үш жылға сотталды», - деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушісі Қайсар Баржақсынов.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив