ALTAYNEWS TV Әлем
Ауа райы
Өскемен
-36°
туман ветер 2 м/с, СВ
467.99 488.82 7.7
KZ RU

Қазақстанда автогаздың 2023 жылғы қаңтарға дейінгі шекті бағасы белгіленді

7.07.2022, 12:24 0 0 Мадина Амангелдіқызы
ҚР БҚДА төрағасы Серік Жұманғариннің 2022 жылғы 5 шілдедегі «ҚР аумағында автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы» бұйрығы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта былай делінген:

  1. Қазақстан Республикасының аумағында автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізілсін.

  2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар белгіленсін.

  3. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының аумағында автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар белгіленген шекті бағаларды асырған жағдайда нұсқамалар шығарсын және олар орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 162-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартсын.

  4. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Отын-энергетика кешені департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

Өңірлер бойынша сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар:

  • Нұр-Сұлтан – 70 теңге/л;

  • Алматы – 65 теңге/л;

  • Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстары – 50-55 теңге/л;

  • Ақмола, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстары, Солтүстік Қазақстан, Жетісу және Ұлытау облыстарында – 70-75 теңге/л;

  • Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Абай облыстарында – 60-65 теңге/л.

    Бұйрық 2022 жылғы 6 шілдеден 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін күшінде болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Тіркелу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Соңғы жаңалықтар

Кеше, 16:40 Тоғызқұмалақта топ жарғандар марапатталды – ШҚО Кеше, 16:00 Өскеменде «ІТ-хакатон» байқауының жеңімпаздары марапатталды Кеше, 15:22 ШҚО-да аязды күндері 6 өрт оқиғасы болды Кеше, 14:30 Ұлан тұрғыны: Адвокат болуға қандай талаптар қойылады? Кеше, 14:26 Желтоқсанда күн райы жылына бастайды - ШҚО Кеше, 12:26 Зайсанда жоғалып кеткен шопандар табылды Кеше, 12:00 Ел күткен өзгеріс енді басталады – Алима Ақылбекқызы Кеше, 11:10 Орталық алаңға Аяз ата мен Ақшақар орнатылады – Өскемен Кеше, 10:48 Екінші ауысым оқушылары қашықтықтан оқиды – ШҚО Кеше, 10:46 Алматы-Өскемен тасжолындағы жекелеген учаскелер жабылады Кеше, 09:04 Қатты аяздан тармвайдың сымы үзіліп кеткен – Өскемен 27.11.2022, 18:03 ШҚО-да көліктің екі түрінің қозғалысына тыйым салынды 27.11.2022, 17:41 Зайсан ауданында жүргізушілер аязда үсіп қала жаздады 27.11.2022, 16:26 Өскеменде бірінші ауысымдағы оқушылар сабаққа бармайды 27.11.2022, 15:23 Шығыста 42 градусқа дейін аяз болады 27.11.2022, 14:19 ШҚО-да қолайсыз метеорологиялық жағдайлар жалғасады 27.11.2022, 13:03 Облыстық маңызы бар тас жол ашылды - ШҚО 27.11.2022, 12:22 ШҚО-ның тас жолдарындағы ахуал 27.11.2022, 11:50 Республикалық маңызы бар тас жол ашылды – ШҚО 27.11.2022, 10:01 Тарбағатай ауданында автокөлік қар құрсауында қалды 27.11.2022, 09:00 ШҚО-да тағы да жол жабылды 26.11.2022, 17:02 Өскеменде 35 градусқа аяз түседі 26.11.2022, 16:11 Екі қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі - ШҚО 26.11.2022, 15:00 ШҚО-да қар көшкіні болды 26.11.2022, 14:27 Қазақстанда жолдардың сапасын арттыру мақсатында IT-шешім ұсынылды