KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

«Рельсті қар басып қалған». Өскеменде екі трамвай тағаннан тайды

20.02.2020, 07:48 110

Өскеменде екі трамвай тағаннан тайып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қала көшелерін қалың қар басып қалды. Рельстер тазаланбаған. Сол себепті трамвайлар тағаннан тайып жатыр.

– Назарбаев даңғылындағы «Валентина» сауда үйінің тұсында трамвай рельстен шығып кетіп, көлік қозғалысын бөгеп қалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиға орынына барып, жол қозғалысын реттеп жатыр, – деп мәлімдеді қалалық полиция басқармасының басшысы Дәуір Ыбыраев.

Дәл осындай жол-көлік оқиғасы Абай және Шәкәрім даңғылының қиылысында болды.

– Қар өте мол түскендіктен, жол толық тазаланбай жатыр. Сол себепті өзі ескі көліктер рельстен шығып кетеді, – дейді көлік компаниясының басшысы Михаил Чайка.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив