KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 5 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Қазақстанда еттің бағасы 17%-ға өсті

20.02.2020, 05:28 139

Қазақстанда сиыр және қой еті бір жылда 16-17 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Energyprom.kz порталының сарапшылары мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, қаңтарда жылдық инфляцияның деңгейі 5,6 пайыз болып, азық-түлік тауарлары 9,2 пайызға қымбаттаған.

Негізінде елімізде ет өндірісі ілгері. Мәселен қаңтарда айының өзінде 21,1 миллиард теңгеге ет және ет өнімдерін өндіріліп, қайта өңдеуден өтіп, консервацияланған. Статистика комитетінің мәліметі бойынша, инфляцияның өсуі 0,7 пайыз болған. Ал 2019 жылдың қаңтар-желтоқсанында елімізде 269 миллиард теңгенің ет және ет өнімдері өндірілген. Нақты өсім 8,1 пайыз.

Алайда өндіріс көлемімен бірге баға да қарыштап келеді. Сарапшылардың дерегіне сәйкес, жыл көлемінде ет өнімдерінің бағасы 13 пайызға қымбаттап, ет пен құс етінің бағасы 14,7 пайызға өскен.  Оның ішінде сиыр еті 16,5 пайызға, қой еті 16,2 пайызға, жылқы еті 14,5 пайызға қымбаттаған. 

сурет: Energyprom.kz

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив