KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Қазақстанның көп бөлігінде қар жауады

19.02.2020, 05:04 156

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы екі күнде республиканың көп бөлігінде қар жауады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Солтүстік, орталық және шығыс Қазақстанда циклонның әсерінен қар жауады. Ақмолба облысында түнгі уақытта қалың қар түсуі мүмкін. Батыс және оңтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз. Республика аумағында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді. Солтүстік және орталық Қазақстанда бооан соғады.

Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Қостанай облыстарында желдің екпіні 15-20 м/, кей жерлерде 23-28 м/с дейін күшейеді. Тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады деп болжануда.

Павлодар облысында қатты жел мен көктайғақ болуы мүмкін. Қарағанды облысында желдің екпіні күшйеіп, тұман түседі.

Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде қарлы боран соғады, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында тұман түседі, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді және жолдарда көктайғақ болады.

Маңғыстау облысында кей жерлерде желдің екпіні күшейеді. Қызылорда, Алматы облыстарында түнгі уақытта тұман түсуі ықтимал.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив