KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Шемонаиха ауданы негізгі көрсеткіштер бойынша қарқынды дамып келеді – ШҚО әкімі

7.10.2022, 17:52 163

ШҚО әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Шемонаиха ауданына барды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

-        Выдриха ауылының жұртшылығымен кездесу барысында Президенттің Жолдауын талқыладық. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша біз медицинаның дамуына зор көңіл бөлеміз. Атап айтқанда, бірегей "Ванадис" зертханалық кешені сатып алынды, соның арқасында біздің дәрігерлер болашақ аналардағы құрсақішілік патологиялар мен ауруларды анықтай алады. Кешен тек шығысқазақстандықтарға ғана емес, бүкіл ел тұрғындарына да көмектесу мүмкіндігіне ие, - деп атап өтті аймақ басшысы.

Артынша, облыс әкімі Артемьев кенішіне барды.  Онда шахтаның жерасты оқпанының екінші кезегінің құрылысы аяқталуға жақын.

-        ."Камышинское" ШҚ-да егін жинағаннан кейін топырақтың құнарлы қабатын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, мал шаруашылығы саласында жаңа технологиялар мен әзірлемелер енгізіліп, сәтті қолданылуда. Дәл осы "Камышинское" агрокешені біздің сүт өңдеу кәсіпорындары үшін шикізаттың негізгі жеткізушісі болып табылады. Мұнда баға жетпес тәжірибе алу үшін басқа шаруа қожалықтарының мамандары келеді. Жалпы, Шемонаиха ауданы көптеген негізгі көрсеткіштер бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың жақсы қарқынын көрсетуде, - дейді Даниал Кенжетайұлы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив