KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

ШҚО-да мұз бетімен келе жатқан екі көлік суға батып кетті

17.02.2020, 09:12 210

Шығыс Қазақстан облысында мұз бетімен келе жатқан екі көлік суға батып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Төтенше жағдайлар қызметі мамандарының айтуынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Бірінші оқиға Қызыл Ту өткелінде болған.

– 14 ақпан күні Isuzu маркалы мәшиненің иесі көлікке байланысты шектеулерді бұзып, мұз айдынына шығып кеткен. Осылайша жеті тонналық көлік мұздың астына түсіп кетті, – деп мәлімеді ТЖД баспасөз қызметі.

Екінші оқиға 15 ақпан күні Күршім ауданында болған.

– «УАЗ» маркалы автокөлік мұз ойылып, суға кетті. Жолаушылар көліктен шығып үлгерген. Олар құқарушыларға хабар берген. Алайда біздің қызметкерлер адам өміріне қауіп төнген жағдайда ғана көмекке келеді – дейді ТЖД өкілдері.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив