Өскемен
-24°
плотный туман Штиль
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Өскеменде алғаш рет «IQ - санаңды серпілт» атты кездесу кеші өтті

7.07.2022, 10:42 0 0 Мадина Амангелдіқызы
Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханада алғаш рет «IQ - санаңды серпілт»  атты кездесу кеші ұйымдастырылды, ілшідеп хабарлайды Altaynews тілшісі.
WhatsApp Image 2022-07-07 at 10.38.01.jpeg
Кеш барысында кітапхана қызметкерлері кездесуге келген жастар мен балаларға әр бөлімнің жұмысымен жеке-жеке таныстырып шықты. Айта кетейік, мұнда 10 үйірме жұмыс істеп тұр. Атап айтсақ, «Балалар алаңы», «Әдеби дастархан», «Шах және Мат», «Тоғызқұмалақ», «Board-games party», «VR-Oskemen» локация, «VR-сурет», «3D - үлгілеу», «Бу-Магия», Библио – дәмхана.
WhatsApp Image 2022-07-07 at 10.38.01 (2).jpeg
«Балалар алаңы» бөлімінде келген жас отбасылардың балалары үшін түрлі шаралар ұсынылды. Мысалы Сенсорлы үстелдегі дамыту ойындары, LEGO құрылымдарын құрастыру, Роботехника, Бүлдіршіндерге арналған бұрыш, 3D-қаламмен сурет салу және түрлі шеберлік сыныптары.
«Әдеби дастарханда» мотивациялық еңбектерден бастап, түрлі көркем-әдеби, спорт, бизнес және өзге де салаға қатысты тақырыптар бар.
Шара барысында жастар өлең оқып, жеті аталарын жатқа айтып бақ сынасты. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды. Кешіміздің қонағы болып қала әкімі Жақсылық Омар да құттықтап қайтты. Осы орайда қаламыздың ең жас жазушы Дарья Цой өзінің «На перекрестке миров» атты кітабының әкімге тарту етті.
 
- Бүгінгі шара жоғары деңгейде өтті. Кітапханада жастарға жағдай барынша жасалғанына көзіміз жетті. Енді үнемі келіп отыратын боламын. Барлығы тегін екен. Баламды жиі әкелуге тырысамын, - дейді қала тұрғыны Әсел Мұратқызы.

 Ерекше бір айта кетерлігі, шараға жиналған жастардың қарасы мол. Барлығы шетінен шешен сөйлеп, әуелетіп әнге басты.
WhatsApp Image 2022-07-07 at 10.38.00 (1).jpeg

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив