KZ
Өскемен
+5°
небольшая облачность жел 4 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Күршім көпірінің құрылысы қашан аяқталатыны белгілі болды

13.02.2020, 07:46 123

Күршім көпірі 36 айдың ішінде салынып бітеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім және Көкпекті аудандарының арасын жалғайтын көпір аймақтағы ең ұзын өткел болмақ. Өйткені Бұқтырма су қоймасының ең жіңішке тұсы – 1300 метр. Құрылыс жұмысының жобалық-сметалық құжаттары әлдеқашан дайындалған екен. Тіпті осы жылы жарамдылық мерзімі бітетін көрінеді. Абырой болғанда, мемлекет басшысы құрылыс жұмыстарына кірісуге пәрмен берді. Барлығы 30,2 миллиард теңге жұмсалмақ. 5 миллиард теңге жыл басында республикалық бюджеттен бөлінді. Енді облыстық бюджет есебінен 500 миллион теңге қосылады.

Құрылыс жұмыстары көктемнің орта шенінде, конкурстық рәсімдерден кейін, басталады. Облыс басшылығы республикадан келетін  траншты тосып жатпай, өз қаражатан дайындай береді.

– Оң жағалау жаққа, Құйған ауылынан басталатын, екі жарым шақырымдық кіріберіс жол салу керек. Көпір құрылысы келісім жасалған күніннен бастап 36 айдың ішінде аяқталады, – деді облыстық көлік басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов.

  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив