Өскемен
-18°
туман ветер 2 м/с, С
468.98 493.74 7.59

ШҚО әкімі самарлық тұрғындармен Президенттің Жолдауын талқылады

7.10.2022, 17:39 20 0 Ләззат Қанатқызы

ШҚО әкімі жұмыс сапарымен Самар ауданына барып, тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Халықпен кездесуде Президенттің Жолдауы, кезектен тыс сайлау және Конституциядағы негізгі өзгерістер талқыланды.

-        Өткен жылы Миролюбов ауылдық округінде тұрғындар әкімді өздері таңдағанын атап өтемін. Өз аудандық газетінің қажеттілігі туралы мәселе көтерілді, тұрғындарға бұл өте қажет. Шешім қабылданып, 1 қаңтардан бастап газет шығады. Сондай-ақ, жол жөнделіп, ауылда жарықтандыру жүргізіледі, жобасы дайын. Мұғалімдердің өтініші бойынша Қаракөл ауылының мектебіне лингафон кабинетін қоямыз, -деп атап өтті Даниал Ахметов.

Сондай-ақ аймақ басшысы кондитерлік сала үшін күнбағыс өсірілетін "ЛИК" шаруа қожалығының жұмысы өте жақсы екенін атап өтті. Мұнда топырақты қалпына келтірудің және егінді көбейтудің озық технологиялары қолданылады.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив