KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Даниал Ахметов: Бос жатқан жерлерді игеруіміз керек

4.02.2020, 07:23 184

Бүгін Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдин тұрғындар алдында есеп беру кездесуін өткізді. Жиынға аймақ басшысы Даниал Ахметов қатысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.


Есеп беру кездесуінде ауданда атқарылған жұмыстармен түйткілді мәселелер де айтылды.

- Сартерек участкесінде соя дақылын өсіруге танымал инвестор бизнес жоба ұсынып отыр. Аталған жобаға 6 651 гектар жер бөлініп, биыл 1000 гектар жерге соя дақылы егіледі. Аталған учаскеге баратын жол Егінсу ауылы арқылы өтеді, ауылдық округте бір жарым мыңнан аса халық тұрады. Ұзындығы 12 шақырым болатын Үржар-Егінсу жолы бүгінде жөндеуді қажет етеді, - деді аудан әкімі.

Жол жөндеуге қажетті қаражат - 293,4 миллион теңге.
Сонымен қоса аудан басшысы 2020 жылы экспортқа шығарылған соя дақылын 958 гектардан 2000 гектарға дейін ұлғайту көзделіп отырғанын атап өтті. Облыс әкімі  бұл ұсынысты қолдайтынын жеткізді.

- Қытай Халық Республикасы бір жылда шамамен 3 миллион тонна жүгеріні сырттан сатып алады. Неге бізден алмайды? Сондықтан соя, жүгері дақылдарын салуымыз керек. Бос жатқан жерлерді игеруміз қажет, - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив