KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
448.15 483.46 4.86

Олег Чернышов: "Президент Жолдауын халық асыға күтті"

7.10.2022, 17:25 160

ШҚО Азаматтық альянсының төрағасы Олег Чернышов Президент Жолдауын халық асыға күткенін айтады. Өйткені Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамның дамуын айшықтайтын нақты бағыттарды атап көрсетті деп есептейді ол.

– Президент Жолдауын халық асыға күтті. Өйткені елдің ертеңін ойлайтын әрбір азамат кемел келешекке бастайтын жол іздейді. Мен қоғам өкілдерімен тығыз жұмыс істейтіндіктен, бұған әбден көз жеткізгенмін. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жолы да қоғамның дамуын айшықтайтын нақты бағыттарды атап көрсетті.

Жолдауда қазақстандықтандың арман-тілегі айқын көрініс тапты деуге болады. Мәселен, жиі талқыланатын тақырыптардың бірі – әйелдердің зейнет жасын төмендету туралы сөз қозғалды. Әзірше зейнетке шығу жасы 61 деп тоқтатылды. Мұның өзі мемлекеттің халық үніне құлақ асқанын көрсетеді.

Жалпы қоғамда Араб Әмірліктерінде балаларға туғаннан бастап белгілі бір мақсаттарға пайдаланылатын арнайы жәрдемақылар төленетіні жиі талқыланды. Қазір Қазақстанда осындай қадам жасалғаны қуантады. Енді қазақстандық балалардың шоттарында кәмелетке толғаннан кейін, мысалы, оқу ақысын ішінара төлеуге көмектесетін белгілі бір жинақтар болады. Бұл отбасы үшін үлкен көмек.

Барша жүргізушілерді алаңдатқан утильалым мәселесі де шешімін тауып келеді. Президент жеке азаматтар мен бизнес-құрылымдарына арналған автомобильдерді сатып алу үшін алымының нақты мөлшері белгіленетінін айтты.

Енді алда маңызды жұмыс тұр. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында айтқан бастамалары мен ұсыныстарын іске асыру күш салып, нақты қадамдар жасау керек, – деді Олег Чернышов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив