KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 3 м/с, З
448.15 483.46 4.86

Қазақстанда "коронавирус туралы" жалған ақпарат таралуда

30.01.2020, 12:37 172

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов халықты коронавирус туралы жалған ақпаратқа сенбеуге және оны таратпауға шақырады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қазір Қытайдан шыққан қауіпті вирустың Қазақстанда таралып, адамдарға жұққаны жайлы көптеген ақпараттар әлеуметтік желі арқылы таралып жатыр. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрі мәлімдеме жасады.

- Батыс Қазақстаннан, Шығыс Қазақстаннан, Семей мен алматыдан коронавирус инфекциясы жағдайлары тіркелді деген алып-қашпа сөздер таралды. Бұл жалған ақпарат екенін ескертемін. Біз барлық науқастарға мониторинг жасап отырмыз. Қазіргі таңда "коронавирус" диагнозы біз қараған адамдардың бірінде де дәлелденген жоқ. Біз бұл ақпаратты фейк деп табамыз, - дейді министр.

Мұндайға жол бермеу үшін, министр әлеуметтік желіде тексерілмеген ақпараттарды таратпауға шақырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив